Вторник, 07.05.2024, 04:26
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Sanovel
Поиск
Календарь
«  Август 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
500 теңгеге
Әнұран
Sanovel
Соңғы жаңалықтар
Сегодня материалов нет.
tak.ru
Главная » 2011 » Август » 9 » Павлодарда ірі ағаш өңдеу комбинаты іске қосылды
00:45
Павлодарда ірі ағаш өңдеу комбинаты іске қосылды
08.08.2011 01:38
Павлодарда ірі ағаш өңдеу комбинаты іске қосылды

Солтүстік өнеркәсіп аймағында ұзаққа созылған даярлықтардан кейін елдегі ірі ағаш өңдеу комбинаты іске кірісті. Кәсіпорын есік шығарумен айналысады. Жергілікті өнім нарықта шетелдік баламаларды ығыстырып шығарды. Тағы екі жобаны жүзеге асыруға кірісті.

1 млрд теңгеден артық қаржыландыру Ұлттық инновациялық қор арқылы жүргізілуде. Өндіріс елуден астам адамды жұмыспен қамтыған. Тілу, тегістеу, ламинадтау – жаңа ағаш өңдеу комбинатындағы барлық жұмыстар – шикізат өңдеуден бастап, даяр өнім алғанға дейін толық автоматтандырылған. Жиырма жыл бұрын еңбек еткен кәсіпорны банкрот болған Любовь Кисляк жұмыссыз қалып, базарда сауда жасаған. Қайта даярлықтан өткен Любовь жаңа комбинатқа жұмысқа орналасыпты. Ең бастысы жалақы уақытылы төленеді,-дейді ол.

Любовь Кисляк, тегістеуші:
- Мен үйімді күрделі жөндеуден өткізу жұмысын қолға алдым. Соған өз цехымызда жасалған есік орнатпақпын. Олар өте ыңғайлы және сапалы.

Ағаш өңдеу кәсіпорнына 50 шақты павлодарлық жұмысқа орналасыпты. 19 жастағы Максим талай нәрсені үйренген. Жас жігіт комбинатта еңбек етіп, әрі қарай білім алсам деген оймен келіпті. Өзіме ғана емес, әке-шешеме де көмектесем. Мұнда тәлім-тәрбие алатын адамдар көп. Солардан үйренем,-дейді жас маман Максим Храмов. Мұнда айына 5 мың есік шығарады. Жаңа комбинат өнімдерінің шетелдік есіктерден біраз айырмашылығы бар, сертификаттаудан өткен. Басты ерекшелігі – жасанды шикізат емес. Аса сапалы өңделеді. Есік жасау да өзіндік өнер. Бұйым тұтынушылардың талғамынан шығып, аса ыңғайлы болғаны ләзім.

Дайыр Сейтінов, бригадир:
- Әр нәрсенің өз модернизациясы болады ғой, бізде де сол технологияны өзгеруі болып жатыр. Бізде бұрын ескі технология болды. Қазір опыт жайлы, эксперимент жайлы, на более современный лад бәрі көшіп жатыр. Енді көріп жатырмыз более качественный нәрсе болсын деп, практичный болсын деп. Адамдарға, клиенттерге ұнасын деп.

Көрші цехтарда ДСП-тақтайшалары және өңі өзгертілген ағаш шығаратын екі заманауи желі іске қосылуға әзірленуде. 1,2 млрд теңгені мемлекет беріп отыр. Шикізат мәселесі де шешілген. Жаңа желілер іске қосылған соң тағы 35 адам жұмысқа алынады.

Юрий Аркенов, ағаш өңдеу комбинатының менеджері:
- Біз шикізатты Ресейден аламыз және жергілікті ағашты да пайдаланамыз. Тиісті құжаттарымен, сертификатталған.

Отандық рынокта таныла білген кәсіпорын Ресей нарығына шығуды ойластыруда. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасына қатысу көп артықшылық беруде. Мемлекет кей коммуналдық проблемаларды шешуге және комбинатқа жаңа жол салуға көмектеспек.

Просмотров: 3350 | Добавил: Kazakhstan | Рейтинг: 5.6/64
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: