Понедельник, 06.05.2024, 15:41
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Sanovel
Поиск
Календарь
«  Август 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
500 теңгеге
Әнұран
Sanovel
Соңғы жаңалықтар
Сегодня материалов нет.
tak.ru
Главная » 2011 » Август » 6 » CASPIONET – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық ғарыштық арнасы
00:00
CASPIONET – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық ғарыштық арнасы
CASPIONET – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық ғарыштық арнасы

CASPIONET – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық ғарыштық арнасы. Ол «Хабар» агенттігі» АҚ құрамына енеді. Арна өз жұмысын 2002 жылы 25 қазанда бастаған. CASPIONET-ті Еуропа, Орталық Азия, Кавказ сырты, Таяу Шығыс және Африканың солтүстік бөлігіндегі елдер қарай алады. Арнаның көрсетілімдерін 99 миллиондай адам тамашалайды. CASPIONET тәулік бойы хабар таратады. Барлық бағдарламалар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады. 

 

CASPIONET арнасының мақсаты – шетелдегі Қазақстандық қандастарымыз бен шетел көрермендерін Қазақстан туралы мейлінше толық хабардар ету. 

Жұмыс күндері бағдарлама 3-сағаттық тілдік блогтық жүйемен жұмыс жасайды,әр қайсысының құрамына: жаңалықтар,бизнес жаңалықтар,спорт,ауа райы және тақырыптық журналдар мен мәнді бағдарламалар.

Жексенбі күндері: классикалық және қазіргі көркем фильмдерді көрсету;отандық деректі фильмдердің жауһар туындылары;қазақстандық сериалдар;бірегей театрлық қойылымдар;классикалық, фольклорлық және эстрадалық музыка шеберлерінің концерттері; «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан» телеарналарының үздік бағдарламалары таратылады.

Белгілерді HotBird және W7 спутниктері арқылы кодсыз таратуды техникалық тұрғыдан Eutelsat компаниясы қамтамасыз етеді

Hotbird-6 13˚ EBeam: Europe
Downlink frequency: 12149 MhzDownlink polarity: Vertical
Symbol rate: 27.500 MS/sFEC ¾

W7 36˚ EBeam: Eurasian
Downlink frequency: 12511 MhzDownlink polarity: Horizontal
Symbol rate: 4.340 MS/sFEC ½

Caspionet телеарнасын Қазақстанның желілік пакеттік бағдарламасынан табуға болады,және:
Германияда NET COLOGNE (Koln) операторы арқылы, UNITY MEDIA (North-Westphalia and Hessen), KABEL DEUTSCHLAND
Молдавада: ARAX-IMPEX
Түкияда: TURKSAT INTERNATIONAL SATELLİTE and СABLE OPERATOR

Caspionet каналының таралым геогарфиясы:
Австрия, Азербайжан, Албания, Алжир (кейде), Армения, Ауғаныстан, Беларусь, Бельгия, Болгария, Босния, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Герцеговина, Гренландия, Греция, Грузия, Дания, Египет (кейде), Израиль, Иордания, Иран, Ирак, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Кипр, Латвия, Ливан, Ливия (кейде), Литва, Македония, Марокко (кейде), Молдова, Нидерланды, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Ресей (кейде), Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сирия, Словакия, Словения, Тәжікстан, Тунис (кейде), Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония. Барлығы 63 мемлекет.
«Caspionet» Жаңа маусымдағы жаңалықтар

Айдана Аламан
Алматы 
№5(47)2010 жыл,қыркүйек-қазан 
Алтын Бесік


Бес миллионға жуық шетелдік қандастарымызды ата-жұртымен табыстыратын алтын көпірге айналған «Caspionet» телеарнасы биыл 8 жыл қатарынан көрермендерге қалтқысыз қызмет етуде. Арнаның алғашқы бағдарламалар жүйесі 2002 жылдың 25 қазанында жарыққа шыққан болатын. Міне, содан бері бұл арна шетелдегі қандастарымыздың атамекенге деген сарғайған сағынышын басып, аманат жүгін арқалап келе жатыр. Ғарыш кеңістігінде Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия мен Солтүстік Африка елдеріне тарайтын телеарнаның қызметкерлері, қандастарымыздың ана тілімізде ақпарат алып, ұлттық құндылықтармен сусындауы үшін тынымсыз еңбектенуде.

Шетелдегі әр шаңыраққа Caspionet телеарнасы қосылған десек еш қателеспейміз. Себебі ол – Hot Bird спутнигі арқылы тарайтын танымдық, әрі, 3 тілде хабар тарататын жалғыз арна. Ақпараттық публистикалық желісін сақтай отырып, ол өзінің жаңа бағдарламаларында ток-шоуға, қазақ халқына ғана тән ұлттық құндылықтарымызды, саяхат, табиғат аясы, ғылым туралы мәселелерге басым мән бере бастады. Жаңа кестеден жеке орын алған «Портреттік» бағдарламаларда кейіпкерлердің сезімдері, көзқарастары, пікірлері алдыңғы қатарға шығарылды. Көрермендер тарапынан айтылған ескертулердің барлығы ескеріліп, биылғы маусымдағы бағдарламалардың көпшілігін уақыт көрсеткішіне ыңғайланды.
Көрсетілімдерін 99 миллионға жуық көрермен тамашалай алатын «Caspionet»-тің негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық алаңда Қазақстан Республикасын үздіксіз дамып жатқан және тұрақты саяси құрылымы, үлгілі салт-дәстүрі бар тәуелсіз мемлекет ретіндегі имиджін қалыптастыру болатын. Осы орайда, арна діттеген мақсатына жеткен сияқты. Себебі телеарна көрермендері Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарға қанық десек болады. Эфирдегі уақыттың көпшілігі ақпараттық бағдарламаларға арналғандықтан телекөрермендер ыстық жаңалықтармен дер кезінде хабардар бола алады. «Жаңалықтар» қызметінде тек отандық тілшілердің репортаждарынан бөлек, REUTERS, APTN, Интерфакс, ИТАР-ТАСС сияқты әлемдік ақпараттық агенттіктердің де материалдары пайдаланылады. Ал эфирдің қалған уақыттарында түрлі саладағы сюжеттерден құралған тележурналдар көрсетіледі. Елбасымыздың жолдаулары, халықаралық маңызы бар медиафорумдар тиісінше тікелей эфирге шығып тұрады. Бұл телеарнаның бір ерекшелігі – Қазақстандағы қазақтардың тіршілігі мен ғана таныстырып қоймай, шетелдегі қандастарымыз өзара бір-бірімен жаңалықтарды бөлісіп отырады. 
Қазақ ұлтының тілі мен болмысын таныстыруда елеулі орын алатын арнаның техникалық жабдықталуында заманауи тенденциялар ескеріліп, жоғарғы дәрежеде дайындалады.
Телеарна 6-ші қыркүйектен бастап жаңа маусымдағы жұмыстарына кірісіп кетті. Бағдарламалар бұрындары әр сағат сайын әр тілде шығатын болса, биылғы жылы көрермендердің өтінішіне байланысты бағдарла-малардың уақытына біраз өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Жаңадан құрылған Байланыс және ақпарат министрлігі телеарнаға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде биыл қосымша бірнеше бағдарлама жарыққа шықты. Былтырдан бері белгілі бір салт-дәстүрді негізге алып, сол дәстүрдің Қазақстанда қалай сақталғанын және оның шетелдердегі жағдайымен салыстыра отырып баяндап, танымал тұлғалардың ойымен бөлісетін, маңызды әрі тартымды ақпараттардан тұратын саясат, экономика, мәдениет салаларын қамтитын «Regional Focus», «Culture», «International Dialogue», «History» сияқты тележурналдардан тұрса, ендігі кезекте «Атамекен» ток-шоуы, «Қазақстан: достық пен келісім формуласы», «Ұлттық тағамдар» сияқты танымдық бағдарламалардың қатары 6 бағдарламамен толықты. Жаңа бағдарламалар турасында телеарна директоры Айгүл Жұмабаева: «Көрермендер назарына шыққан бірінші бағдарламамыз –«Steppe tales». Оның негізгі мақсаты Қазақстан қандай мемлекет болса, шетелдіктерге еш боямасыз сол қалпында таныстыру, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін баяндау. Қанша уақыт өтіп әлемдік жаһандануда ұлттық құн-дылықтарымызды жоғалмай сақталғанын мәдениетіміздің бар екенін дәлелдейтін бірден-бір бағдарламамыз осы. Екіншісі –«Todey is economy» деп аталады. Бұл бағдарламада аса маңызды экономикалық жаңалықтарды мұқият талдап қана қоймай, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ірі компаниялармен таныстарамыз. Жаңа реформаларды, экономикадағы өзгерістерді түсіндіру үшін ірі шетел инвесторларымен экономика саласына қатысты қызықты сұхбаттар өткізіледі. Келесісі – «Persona grata». Сізді шетелдік дипломаттар мен жеке тұлғалардың отбасы, қарым-қатынас жасайтын адамдары, саясаттан тыс өмірі қызықтырса, олармен болған ресми сұхбаттарды жіберіп алмағаныңыз абзал. 
Төртінші, «Limitless science» бағдарламасында Қазақстандық ғалымдардың ашқан жаңалықтары және олардың шынайы өмірде қолданылуы жайлы әңгіме өрбиді.Сіздер бұл бағдарлама арқылы шетелдік ғалымдар мен отандық өнертапқыштардың жобаларымен танысып қана қоймай, түрлі саладағы көптеген зертханаларда болып, өте күрделі тәжірибелерге көз жеткізе аласыздар. 
Бесінші, «Masters of creativity»деп аталатын бағдарлама. Біз бұл жобамыз арқылы қазақтың ұлттық қолөнерін әлемге паш ете аламыз. Онда ата-баба дәстүрін жалғастырып жүрген шеберлер өз ойларымен бөлісіп, киіз үй тігу, киіз басу, ұлттық киімдерді тігу сияқты өнердің қалай жүзеге асатынын баяндайды. Биылғы жылы жаңа шыққан бағдарламаларымыздың көшін «Sounds of the Nomads»аяқтайды.
«Sounds of the Nomads» хабарын қазақ бөлімінің шеф-редакторы Гүлжайнар Сүлейменова дайындайды. Бұл бағдарлама көлемі жағынан қысқа болса да, қазақтың музыкалық аспаптарының үнін тыңдап, олардың ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызады. Барлық халыққа ортақ ұғым музыка арқылы. Ұлттық саз аспаптарымыздың ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Ал телеарнаның жексенбілік жоспарында деректі және көркем фильмдерді, еліміздегі үздік театрлық қойылымдарды, фольклорлық, эстрадалық концерттерді көрулеріңізге болады» – дейді телеарна директоры Айгүл Жұмабаева.
Осы жаңа жобалар Еуропаның 40-тан астам мемлекетіндегі жергілікті қандастарымыздың көз қуанышына айналады деген сенімдеміз.


Просмотров: 8341 | Добавил: Kazakhstan | Рейтинг: 5.4/455
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: